Тілеуіңе тасқыннан
Маржан қызым, мен қалғам.
Ми зақымнан басқа ұрған,
Құлақ тұнып оңалғам.
Алғыр, зерек сабында,
Әжеттеніп ер жеттің.
Кісілігің бабында,
Көп өткелден ойлы өттің.
Қызу еңбек, дүбірде
Әр күнің мен әр кешің.
Алып жүрсің бұл күнде
Ұстаздықтың бәйгесін.
Еңбегіңді қайық қыл,
Талабыңды желкен ет.
Уайымды айықтыр,
Ізгілікке желкелет.
Басын айтса жақсыға,
Соңын өзі түзетер.
Сабыр ұстап бақ сына,
Бағыңды Ақыл күзетер.
Естеу Нүсіпбеков, Есік қаласы