Сар желеді сағыныш
Сар желеді Сағыныш Сарыкермен, Сарыкерді сүзілтіп сары желмен. Суырардай сары күз сары шөпті, Созғылайды сабырсыз әбігермен.
Сар желеді Сағыныш Сарыкермен, Сарыкерді сүзілтіп сары желмен. Суырардай сары күз сары шөпті, Созғылайды сабырсыз әбігермен.
Құлықпен құмары ынтық жалықпаған, Құныға жыр ұшырдым қалықтаған. Аспандап асқар асып кетпесем де, Қиынға қиялдаудан тарықпағам.
Азырақ ағайынға айтар назым: Көңілім қоңыр күйдің тартты сазын. Елу жыл еңселігін жыр жүгі езген, Бұл Естеу сымпылдатты аққу, қазын. Қаз қойқаң, үйрек байпаң, аққу саңлақ, Сақ жүзді тыныш қоныс, айдын таңдап. Кім кепіл тұрмағанға қанға жерік Сұр мерген қарауылға…
Тиерде менен пайда жылмаңдайды, Қылықты жас әйелдей қылмаңдайды. Кейде ерте, кейде кеш кеп хал-жай біліп, Көңілді ауламаған күн қалмайды.
Тұманбай ашқан бір жаңалық жайында Құрметті меймандар, ұстаз әріптестер және әдебиет әуесқойлары мен жас тыңдармандар! Бәрлеріңізді үлкен үрдісті әдеби кештеріңізді қаламгерлік ілтипатпен құттықтаймын. Қазіргі қазақ лирикасы көш басшысының ірі өкілі, еларалық және өз еліміздегі әлденеше аса беделді сыйлықтардың иегері, Қазақстанның…
Ассалау-мағалаукүм, ақын Көке, Көрген күн, көшірмеші жақын Көке. Еліңнің сен жүрегін жаулай білдің, Тамызып тілдің майын татымды ете. Iрікпей ішкі ызаңды, кегің қайрап, Тулаттың есең кеткен жатыңды өте. Састырсаң Сасан аулын арғы бетте, Егілттің бергі бетті хатың жете. Ұрпақтан ұрпақ…