Метка жыр

Наурыз жыры

Парсы, тәжік жұртынан бастау алған наурыз, Тұрақ тауып Тұранда қоштау алған наурыз. Сақ, үйсіндік заманнан ата дәстүр наурыз, Көп көшпенді тайпамен аталас кіл наурыз. Қызырға да, Баққа да есік ашқан наурыз, Жеті жұттан құтылтар несіп ашқан наурыз. Қыс қаһарын қайтарып,…

Қаламың — суырулы алдаспаның

(Т. Молдағалиевтің соңғы топ өлеңін оқудан туған ой) Айтқышсың, айтқышсың-ақ, ақын Тұмаш. Жүрекке жылы жырмен жақын Тұмаш. Аптығын басып жампоз жандардың да, Қашанда деп тұрасың құшағыңды аш. Мойынсал саған күллі сөз жейтіндер, Қырғиы қияннан жем көздейтіндер. Пайда іздеп өнер бағын…

Хамит Ерғалиев

Хамаңа

Шабытын шарқ ұрғызды Хамаң ақын, Жайраң көз жарылқады жамағатын. Шығандап шықты алға, кейін тастап, Сан жүйрік ақындарды шаба алатын. Тұғырын ақындықтың биіктетті, Дастанды, лириканы үйіп-төкті. Иіріп оңқай асық сақасындай, Сегіз қыр, сексен сырлы сүйікті етті.

Таңғы дала

Күн кірпігі қадау-қадау найзадай Бұлт-кілемді шұрық тесік түйреді. Шұғыла-жігіт жарқыл қағып сай құлдай, Көлбеңдетіп көлеңкені сүйреді. Көгілдірін ерткен үйрек көл тіліп, Бұқты барып жасыл құрақ қамысқа. Қопа жақта аншы мосқал өкініп, Көз салады көлегейлей алысқа.

Есігім

Ерке өзенім, Есігім, екпіндеген, Ел қадірлер шағың бұл жеттім деген. Жуасыды шу асау ағындарың, Арбасына өмірдің жектім де мен. Жағаң жасыл бау, бақша миуа тұнған, Арасында сәуле-бұрым ширатылған. Сұлулықтан, кілең жас тәттіліктен Жићазды үйсің әдейі жинатылған.

Tуған жерге базарлық

(Бeкceйіт Hүcіпбeкoвтің әнінe) © Естеу Нүсіпбеков Caлқын тay, cayмaлды көл, cыpнaйлы өзен, Қaйыңды, қapaғaйлы, бeткей-бeзeң. Қapaқaт тepгeн күндeй қoйыныңнaн Өзімді өзіңмeнeн біpгe ceзeм. Жaнғa Шипa ayaң-aй, Дepткe дaya дaлaң-aй.