Бәйгедегі көңілдің көк дөнені

Алаңмын оңыма да, солыма да,
Озушы азая ма, молая ма?
Құлақ түп дүсірлеткен дүбірлінің
Серпіні бәсейе ме, зорая ма?

Әлде бір ақ тер, көк тер іші кепкен
Бозөкпе жағдайынан қорына ма?
Әлде бір мес қарындар ырсылдаған
Шамасыз, шарасыздан зорыға ма?

Адырда, шеңгел, шиде не тоғайда
Әлде кім деп те жолдан қосыла ма?
Алаңмын жымиманың көзіне де,
Алаңмын ызалының қолына да.

Бүйірлеп бір Батыраш кимелеген
Айбалта сілтей ме деп долылана…
Сол анық — келем жарыс жанталаста,
Жанталас бағыма ма, сорыма ма?

© Естеу Нүсіпбеков

Ұнаса, бөлісе отырыңыз

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

пятнадцать + 14 =