Жақсылық па партия көбейгені?

Жақсылық па партия көбейгені?
Бірі тума, бірі әлде өгей ме еді?
Алдыны орар көп сұрақ жүйткіп, жосып:
Дай-дай болмай, қайсысын жебейді елі?

Отан біреу алдында, халық біреу.
Сонда оларға болады кімі тіреу?
Қай иыққа көтертер қалың сеңін,
Бұзылып келе жатқан мұзды сіреу?

Пайда қанша партия көбейгеннен?
Аса соғар есірген, елейгеннен.
Жақтас іздер Ақтаудан, Атыраудан,
Ертіс, Есіл, Іледен, Ерейменнен…

Дауыс жияр, кейбірін сырттан жазып,
Сумақайы сумаңдап тасып азық…
Кей кеңседе қозғалып қылмысты істер,
Ер тартылар жауапқа сөзден жазып…

Қаржысын да, көрсетіп жұдырығын,
Сеуіп болар бар жерде жік ұрығын.
Қазірінше құр сөзбен қарық қып жүр,
Қандайлығы тұманды-ақ тұғырының.
© Естеу Нүсіпбеков,

Ұнаса, бөлісе отырыңыз

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

тринадцать − одиннадцать =