Бала

Бала
Ержанның 6-айлық кезі

Бала, бала!
Бала – менің мотор-кеудем дүрсілі.
Өмірімнің сенбес күнге шұғылысып мөлтілдеген бір шығы.
Жақсы болса-
Тірлігімнің қыл арқауын зыр-зыр иірер ұршығы.
Жаман болса-
Жүйке жүндеп, намыс тоттар қырсығы.

Бала алдында борыштымын абырой ақтап өтуге,
Әр шикімді пісіруге- сом құрыш боп бекуге.
Әр мінімді шаңдай қағып,- ізгілікке жетуге.
Шап-шақ жасап етсем-дағы,  намысын шыңдап кетуге.

Бала алдында борыштымын тіке қарап жан ұғып,
Айбат шеге ашынуға жат ісіне жанығып.
Алтын сабыр ақыл ұстап ашуымнан жаңылып,
Сыр суыра шын білуге ақтарыла жарылып.

Бала алдында борыштымын игі ісіне шат күліп,
Қуануға, жуануға сақтай тұра сақтылық.
Таза талап арманына құшақ жая аптығып,
Демеп, қолдап, дес беруге шамама шақ шат жүріп.

Бала болсын, бассын әке аңсары мен аптығын,
Өссін ойнап, гүл-гүл жайнап, базар етсін шаттығын.
Әкелсе егер күйік пенен қасірет…
Ата-анаға қатты мін.
Онда өзіме от қамшыны оса үйіруге дәттімін.
© Естеу Нүсіпбеков. 1964 жыл

Ұнаса, бөлісе отырыңыз

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

восемнадцать + три =