ҚАЙНАР

Тереңнен қайнап шыққан бұлақсың сен,
Мөлдір тұнық тамшыңмен сынапсың сен.
Мейірімсің, шапағат-нәрлі сусың,
Жер ананың құшағын құлап сүйген.

Тұнықтыққа көз тұтқан мұратсың сен,
Тереңдікке жол меңзер шырақсың сен.
Танбастыққа, арымай ағындауға,
Ерте таңнан кешке озған пырақсың сен.

Сусынсың, бар адамға етенесің,
Шөміштесін, мейлі-не жетелесін…
Бәріне де көнесің, тіс жармайсың,
Қажетіне риза-хош өтелесің.

Арна қуып жайдары сылқылдайсың,
Бүлкілменен ойнақы бұлтылдайсың.
Бір бетіңнен, қалпыңнан айнымайсың,
Адамдардай әспенсіп жұлқынбайсың.

Қыс артасың жүгіңді, жаз артасың.
Ылайлардан бойыңды тазартасын.
Жүгірістен талықпай бәз-баяғы,
Саз сапар, жол күйіңді ұзартасың.

Ынтызармын мен саған, құмармын да,
Табиғаттас боп мұндай туармын ба:..
Кіндік қаным суыңа жуармын ба!
Ағыныңды арман қып қуармын ба!

Иә, иә, жан отын жандырғансың,
Жерік мейірін шешемнің қандырғансың,
Мен перзентін өмірге туарында…
Отты үміті жалтылдап шырағында…

Естеу Нүсіпбеков, 1971 жыл

Ұнаса, бөлісе отырыңыз

2 ответа к «ҚАЙНАР»

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

2 × 2 =