Туысқандар

Туысқандар

Армысың аға, іні туысқандар!
Бет кірін бір бастауға жуысқандар.
Тебісіп тай-құлындай жұғысқандар,
Бір қарап қас-қабақтан ұғысқандар.

Кепкенше шыт орамал суыса қап,
Наз айтып баба жолын қуысқандар.
Бұзарын, түзерін де бірдей көрген,
Армысың алтын мінез туыс жандар.

Шет жүрсем, жоқпен мақтап, далитасың,
Жақыннан жоқпен даттап шала ұйтасың.
Бармайды сендер ушін өкпе алысқа,
Туралап қоясыңдар «қаритасын».

Сәулетім сен түгелде жарасады,
Дәулетім сен барда елмен таласады.
Сындырмай туыс сағын тұрасыңдар,
Бәріне белдеріңді буасыңдар.

Жарбитып жаманды да қорғайсындар,
Тұс-тұстан бәле жолын торлайсыңдар.
Тыясың телі-тентек саяқтарды,
Қоясың түзеп қисық аяқтарды.

Сынбайды туыс барда бала сағы,
Нұрлырақ- көре білсе- болашағы.
Атыңнан айналайын туысқандар,
Туыстық туын биік нық ұстандар.

Бір тәулік болса-дағы суыспаңдар,
Қан туыс, жан туыс та — бәрі туыс,
Қалындар айрылмастан- ұғыссаңдар.
Бәлемен — іш тарлықпен жұғыспаңдар.
Жат көрме сыйласқан жан — бәрі туыс,
Көбейе бергей сіздің туысқандар!

Естеу Нүсіпбеков, 1972 жыл

Ұнаса, бөлісе отырыңыз

Один ответ к «Туысқандар»

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

четыре × 4 =