Шарлататын шаршатпай ел санатын

Шарлататын шаршатпай ел санатын,
Көзден ұшты газетім — қолқанатым.
Қайда дейсің жазылу басылымға,
Жетпей жатса ұн, шайға зейнетақым?!

Қақсам таңнан тынымсыз жан дабылын,
Оқу залдан табамын шанда бірін.
Суық қолдан сандары түгел емес,
Барларының балағы болған жырым.

Мейір қанбай қайтамын, көңіл алаң,
Түтілген жүн ой-санам қобыраған.
Кете берсем бұл бетпен, бірер жылда-ақ
Болмасыма кім кепіл тобыр надан?!
© Естеу Нүсіпбеков

Ұнаса, бөлісе отырыңыз

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

12 − 4 =