Сүйерқұл шежіресі: Сегіз сары немесе Төрт жәм Сегіз Сары деп кімдер аталады?

Бәйдібек шежіресі

© Естеу Нүсіпбеков, 1972 ж.

Соңғы жылдары ел ішінде болған шағымда көне көз қарттар: 92 жастағы нарынқолдық Нәби Бүйенайұлынан, Тілеужан Смағұлұлынан, Әнуәр Мейірбековтен, сарыжаздық Әнуәрбек Әбдімәдиұлынан, текестік Дәуітбай Өзбекұлынан, қырғызсайлық Жанәбіл Смадиұлынан т.б. жазғандарым:

Сүйерқұл шежіресі
Сүйерқұл шежіресі

Cұрақ: Сегіз сары  немесе Төрт жәм Сегіз Сары деп кімдер аталады?

Жауап: Сүйерқұлдың 4 ұлы: Досалы, Шоған (бәйбішеден), Қожбанбет, Жарты (кіші әйелден) — ТӨРТ ЖӘМ аталады. Ағайынды төртеуінің 8 ұлы — СЕГІЗ САРЫ аталады.Тұтас қосып бұл төрт аталы елді ТӨРТ ЖӘМ СЕГІЗ САРЫ деп те атап кеткен.

Бұл жөнінде осы күні (1972 жылы) көзі тірі 92 жастағы нарынқолдық Нәби ақсақал былай әңгімелейдіі:

—  Ол кезде біздің ел Ташкент жақты мекендейді екен. Ағайынды Сүйерқұл балаларының үлкені Досалы аулына келген бір әулие қарттың батасын алайын деп өз баласы Бірімбетпен бірге Шоған ұлдары Тұғыжын мен Дауренді, Қожбанбет балалары Ағым, Сағым және Тілеуді, Жарты балалары Айдабол мен Аманжолды әулие алдына тізердетіп қатар тізіп, бата сұрапты. Сегізі де бір-бірінен аумайтындай сап-сары екен. Әулие бата беріпті де, шыға бере:

— Сегіз Сарының аулынан сергіп шықтым, — депті дейді. Сол сөз ауыздан ауызға жылдам ілігіп, Сүйерқұлдың 4 ұлы мен 8 немересінің аулы Сегіз Сары аталып кетіпті дейді бізден де бұрынғы қариялар.

Аңыз да болса ақылға қонатындай емес пе!

© Естеу Нүсіпбеков

Ескерту: Үмбет*, Мәмбет** — туралы ел аузынан жазылған аңыздар, келесі мақалада толығырақ жазылады

Ұнаса, бөлісе отырыңыз

3 ответа к «Сүйерқұл шежіресі: Сегіз сары немесе Төрт жәм Сегіз Сары деп кімдер аталады?»

  1. Ереке, сүт сұрай келіп ожауымды тыққандай болдымау…
    Ағайдың архивінен табарсың деген үмітім зор!

  2. Соны бір жерден оқыған секілді едім, әкемнің архивінен қарап көрейін, тапсам салып қоямын

  3. Шоған жайлы, жалпы Шоғанның неге абыз аталғаны жайлы деректер болсағой шіркін…

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

3 + 7 =