1. Райымбек ауданының Текес елді мекенінің тұрғыны болған, жасы сексенді алқымдағанда қайтыс болған Жауғашев Құлбек Қожабекұлының айтуынан жазғандары (1973 жылы ):
Топан судан Алланың әмірімен тірі қалған Нұх пайғамбардың 3 ұлы: Хам, Сам, Янас.
Бүкіл түрік тұқымдастар Янастан тарайды…..
Сибадан Алая,
Алаядан Жұман,
Жұманнан Мейрам,
Мейрамнан: Сейілхан, Садыр, Жайылхан,
Сейілханнан 8 арыс түрікпен тарайды.
Садырдан: Қашар, Татар, Ноғай.
Жойылханнан: Қазақ, Созақ, Қасым тарайды.
Созақтан Қарақалпақ, Қасымнан: Хақас, Қырғыз, Қалмақ, Тибет тарайды.
Қазақтан Ақарыс (ұлы жүз), Бекарыс (орта жүз), Жанарыс (кіші жүз) тарайды.
1972 жылдан бастап жазылған. Естеу Нүсіпбеков
