Есіңе мені алғайсың…

Алматы қаласы
Еңбекші қазақ ауданы
Р. Тоқатаев орта мектебі

Есіңе мені алғайсың…
(Естеу Сабырбекұлын еске алу кеші)

Жауапты Шорманова Ә. Ә. Есік қаласы 2007 жыл

Естеу Сабырбекұлын еске алу кеші
(«Көңіл толқыны» күйімен бастау)

I жүр:  Өмірдің бесігінде тербетіліп,
Қатарға парасатпен ерте тұрып.
Еңбегің еселенді, қинайтыны,
Тағдырдың жаратқаны келте қылып.

II жүр: Ізің бар жарық күнде көксейтұғын,
Ісің бар бұл өмірде өшпейтұғын.
Мінезің ерен еді, бөлек еді,
Тыншымас ой-арманға жетпей тыным.

I жүр: Ұстаз едің, ақын едің жүректерге гүл еккен,
Адалдықты көкіректерде түлеткен.
Сенің биік рухыңа бас иіп,
Еске аламыз сағынышты жүрекпен.

II жүр: Құрметті қонақтар, қадірлі ұстаздар, ата-аналар мен оқушылар. Бүгін бәріміз қуанышты да, өкінішті де сезімдеміз.
Қуанышты дейтінім: Ауданымыздың құрметті азаматы, ақыны, мектебіміздің зейнеткер –ұстазы Нүсіпбеков Естеу Сабырбекұлының атына «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәніне арналған кабинеттің ашылу салтанатының куәгері болдыңыздар. Ал өкініштісі – ол кісінің арамызда жоқтығы.
«Тау алыстаған сайын, биіктігі байқалады» — демекші, атамыздың ерен еңбегі күн өткен сайын біліне бастағандай.

I жүр: Ақ бұлағы жанымның шыңнан алған бастауын,
Арнасымен мұздақтас Мұқағали қасқаның.
Сабыр, тағат тауыстым өздеріңе жеткенше,
Қабылдаңдар шашудай ақмоншақтан шашқаным, —
деп, көзі тірісінде атамыздың өзі осындай бір қауышудың жақсылығ боларын алдын-ала білгендей жазған тәрізді.
II жүр: Олай болса, Естеу Сабырбекұлын еске ала отырып, Алланың разылығы мен Пайғамбардың шапағатына бөленуін тілей отырып, бір минут үнсіздік жариялаймыз.
(1 мин. үнсіздік)
I жүр:        Архив жинақ, бас жібін шешері анық,
Оң самайдан самалы есері анық.
Қырсық арқан қиылып, ояу ұрпақ,
Аяғынан тұсауын шешері анық,
Көңілімнің сол шақта өсері анық, — деп,
Ақынның өзі айтқандай, Тәуелсіздіктің самал желінің арқасында, бодандық тұсауын кесіп, 1990 жылы Есік қаласында ашылған жалғыз қазақ орта мектебінің алғашқы ұйымдастырушыларының бірі – Естеу Сабырбекұлының «Еске алу» кешіне келген құрметті қонақтармен таныс болыңыздар:
______________________________________________________

II жүр: Атар таңның жақсылығы көрініп,
Жатсын дәйім шаттығымен өріліп –
дей келе, алғашқы сөз кезегін мектебіміздің басшысы Ілияс Изембайұлына береміз.
Ән шашу «Есіңе мені алғайсың»

I жүр: Сендер мені іздеңдер!
Өздеріңнен,
Жастық оты жайнаған көздеріңнен.
Үлкен, кіші, ортаны елеңдетіп,
Жұртты баурап сөйлеген сөздеріңнен.
(Ақынға арнау. Оқушылардың арнау өлеңдері)
II жүр: Мен дегенім – қалың «мен»,
Естеу емес.
Қалың «мендер» құрады іште кеңес.
Қалың «мен» де, Естеу де біреу болса, —
Ел бақыты, басқадай ештеңе емес.
(«Мен таныған Естеу ақын», «Ұстаз – Естеу Нүсіпбеков» оқушылардың ғылыми- зерттеу жұмыстарын қорғау)

Ән шашу: «                                                    »

I жүр: Алар әділ сыбаға ісінбеу де,
Ақын мен ой бағасын түсірмеуге.
Кенді өлкесі кеудемнің күркіресе,
Әуелі ұсын іркілмей ісіңді елге.
Сөз кезегі қонақтарда: ________________________________________________________________________

Ән шашу: «                                                        »

II жүр: Сендер мені іздеңдер!
Талаптардан,
Талап іздеп талмаған қанаттардан.
Өнер қуып, ой қуып жалықпаған,
Арасынан іздеңдер санатты арман,
— дей келе, ақын атамыздың өлеңдерін басқа тілдерге аударған талапты шәкірттеріміздің өнерлерін тамашалауға шақырамыз.
(Аудармалар, суреттер)

Ән шашу: «                                                                 »

I жүр: … Жазсам деймін ойлы өлең жүрек мытып,
Оқитындай кәрі-жас тілеп күтіп.
Сөзді ырыққа көндіріп жүгендеуге,
Қайраттылық керек-ақ, білектілік,
— деп, ақынның өзі айтқандай, сөз кезегін ақынның өз өлеңдеріне береміз.
(Мәнерлеп оқу)

II жүр: Сөз бер маған, замандас, айтарым бар,
Айтар ойдан дәуір бұл қайтарым бар.
Құлқы ынтық құлақпен құйып алып,
Құлазыған көңілден жай табыңдар,
деп, сөз кезегін__________________________________________ береміз.
Ән шашу: «                                                                        »

I жүр: Оқушыммен мақтанам,
Олар сансыз.
От жүрекпен өртене сүйем шамсыз,
Деп тілеймін таусыла, оза шауып,
Жүйріктерден суырылып шықса шаңсыз!,
— дей отырып, ортаға шәкірттерін шақырамыз.
Ән шашу: «                                                                           »

II жүр: Естеудің байлығы – өлең, бақыты – өлең,
Жарға сыйлар жүзігі, жақұты – өлең.
Саусақтарын талдырып қалам тұтқан,
Жарты ғасыр жарға ұрған уақыты – өлең.
I жүр: Өмірі – өлең, өмірлік жолы – өлең,
Кеніш қазып шығарған өнімі – өлең.
Тиген кезде қолыңа, о, болашақ,
Шүйіркелес жылы жан меніменен. (Ақын дастандарынан сахналық көрініс көруге шақырамыз)

II жүр: Домбырам, жүрегіммен үндес едің,
Сенімен сырласымдай тілдесемін.
Бабамнан қалған мұрам сен болмасаң,
Өмірдің не екенін білмес едім.

(Күй)

I жүр: Жабырқап сезім жауа алмай тұрған нөсердей,
Күрсінем кейде жарылып кеудем кетердей.
Неге мен сонша жабырқап жүрмін, жаным- ау
Жапанда жалғыз адасып калған бөкендей,
— дей келіп, атамыздың асыл жары Зияда апайды ортаға шақырамыз.

Ән шашу: «Асыл жарым». Орындайтын Естаева Бақыт.

II жүр: Баршаның мәңгі жадында,
Атыңыз сіздің – нұрлы аңыз.
Жаралған асыл задында,
Асқардай биік тұлғаңыз,
— дей келе сөз кезегін ұстаздың әріптестеріне береміз.

Ән шашу «                                                    »

I жүр: Бала үшін арнайтұғын бар бағын,
Ұрпағына жалғап кетекн арманын.
Қайғы-мұңды маңайлатпас қабаққа,
Әке екен ғой тіршіліктің қорғаны.
Өшпейді атың ошағыңда мәңгілік,
Ержан, Серікжан қос ұлыңыз тұрғанда,
дей келе ортаға Естеу ағаның ұлы Ержанды шақырамыз.

Ән шашу: «Әке туралы».
II жүр: Сөз бер маған, замандас, айтарым бар,
Айтар ойдан дәуір бұл қайтарым бар.
Құлқы ынтық құлақпен құйып алып,
Құлазыған көңілден жай табыңдар,
— дей келіп, сөз кезегін мектебіміздегі қазақ тілі бірлестігінің жетекшісі, әрі Естеу ағамыздың шәкірті – Смаилова Сараға береміз.

(Қорытынды)

I жүр: Мұғалімнің жаны ізгі, жаз дидарлы,
Дей алмаймын тартылмай аз күй қалды.
Ағытылар, ағытылар мезгіл алда,
Тойым алда, топ жарар сыны барға,
— деп ақынның өзі айтқандай, топ жарар шәкірттеріміз барда, тойларымыз әлі алда демекпіз.

II жүр: Ғажап менің кеудемдегі суретің,
Бірде ұлғайып, биіктейсің бірде тым.
Бүгінгі кеш сенің асыл бейнеңді,
Келгендерге таныстыру – менің үлкен міндетім.

I жүр: Халқың барда, сен барсың, өнерің бар,
Өнерменен өседі көк өрім тал.
Көк өрім тал зорайар орман болып,
Орман – өнер алдында көгеру бар,
-дей келе отырып, бүгінгі асыл ағамыздың еске алу кешін аяқтаймыз.

II жүр: Тағы міне, қоштастық бір күніменен,
Қош айтысып, бір күнгі тірлігімен.
Тоқтатып көр толассыз қозғалысты,
Түссеңдағы тәңірдің кіндігінен.

Ән шашу «                                           »

Ұнаса, бөлісе отырыңыз

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

шестнадцать + двенадцать =