Ұстазға бас иейік, кел ағайын

(Ұстаз-ақын Естеу Нүсіпбековке арнау)

Сөзі: ақынның шәкірті, аяулы азамат Ерғожа Тілепбердиевтікі

Көрсетіп барар жолды ізгі үмітке,
Баулыған жақсылыққа, ізгілікке,
Ұстазға бас иейік кел ағайын,
Ақылы серік болған бұл тірлікте.

Қ-сы: Самғатқан көктен биік қырандайын,
Жайқалтқан шыңнан биік шынардайын,
Арманға жетелеген білім беріп,
Ұстазға жүрегімнен жыр арнайын.

Жол сілтеп қараңғыда жанған шамдай,
Адаспас білім берген таңнан талмай,
Ұстазға бас иейік кел ағайын,
Өсірген тал-шыбығын бағбандардай.

Ұқтырған есепті де, тіліңді де,
Білдірмей қажығанын қиын күнде,
Ұстазға бас иейік кел ағайын,
Үйреткен Отаныңды сүюге де.

Сүйреткен сөмкемізді кезімізде,
Үйреткен даналардың сөзін бізге,
Ұстазға бас иейік кел ағайын,
Тыныштық, бақ тілеген көгімізде.

Ұнаса, бөлісе отырыңыз

Один ответ к «Ұстазға бас иейік, кел ағайын»

  1. мен осы өлең шұмақтарын оқи отырып осы адамға алғыс айтқым келеді,себебі мұғалімнің қадірін барлық адам бірдей түсіне бермейді

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

10 + тринадцать =