Оразбек ҚАНАПИН

Елін аңсап, еміреніп оралып жатқан қандастарымыз қатарында қолынан көп іс келетін әр саланың мамандары, ойы озық, ақылы алымды, білімі шалымды азаматтар аз емес. Солардың бірі  – менің ескі әріптесім, қарымды қаламгер, журналист-жазушы Оразбек Қанапин.

Оразбек ҚАНАПИН – Қытай Жазушылар Одағы Шиңжаң бөлімшесінің мүшесі. Сондай-ақ Бүкілқытайлық және Шиңжаң өлкелік ауыз әдебиетшілер Қоғамдарының , Аз Ұлт тілдері бірлестігінің де мүшесі.

Оразбек әуелінде Шиңжаң институтын, елуінші жылдар соңында қызмет орнынан арнайы жіберіліп, Пекиндегі Ұлттар Университетінің Тіл факультетін оқып бітірген. Алғашқы еңбек жолын “Одақ” журналында, “Алға” газетінде әдеби қызметкерлікпен бастаған ол 41 жылдық өмірін бір мекемеде – Шмңжаң Халық Баспасында , оның соңғы 12 жылын Бас Редакторлықпен өткізген.Бір сөзбен айтқанда, О.Қанапин – Шинжаң баспасөзінің ыстығы мен суығының бәрін басынан өткерген тұлға.

О.Қанапиннің шығармашылығы сан-сала. Тіл мен ауыз әдебиеті мәселелері бойынша зерттеу, зерделеу еңбектері  бір төбе. Поэзия мен прозадағы туындылары әлденеше кітап. Солардың ішінде “Боғда түлегі”/1984/ повесі мен “Жаңа ауыл”/1997/ атты әңгіме, повестер жинағы – қалың оқырман ықыласына бөленіп, әдеби ортада айырықша бағаланған еңбектер.

Ұзақ жылғы абыройлы еңбегінің зейнетін көріп,  тұрмысын күйттеп отыра бермей, Оразбек қартайған шағында 2004 жылы ата жұрты Қазақстанға көшіп келді. Қазір біздің ауданның Красный Восток аулының  тұрғыны.

Ескі әріптес, ескі жолдастықты арқа тұтып, қара тартып бастас қоныстанған Оразбек досымның көңілін демдеу ниетімен бір әңгімесін аудан газетіне ұсындым. Сол арқылы да мұндағы әріптестер мен оқырмандар атынан қарт қаламдасқа “Қоныс құтты болсын!” және “Шабытың шалқып шығандай берсін!”айтамын.

Нүсіпбеков Естеу ақын, ардагер ұстаз,

Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі.

Ұнаса, бөлісе отырыңыз

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

шесть + 10 =