Танды қуа алаулап күн шығары — ақиқат.
Шабыт қуса ширығып жыр туары — ақиқат.
Сезім құлын желіде жұлқынары — ақиқат.
Ноқта қиып желкесін шұрқырары — ақиқат.
Таза асыл тас тоттанбай жарқырары — ақиқат.
Кернесе сең, жар бұзып сарқырары — ақиқат.
Сөйлер алда шешеннің алқынары — ақиқат,
Шабар алда жүйріктің тарпынары — ақиқат.
Алмай тынбас қыранның шарқ ұрары — ақиқат,
Күшті, айлалы палуанның алып ұрары — ақиқат.
Сезімге адал ақынды ел сүйері — ақиқат,
Өзіне әділ ақынды ер сүйері — ақиқат.
Тама-тама тамшының тас жарары — ақиқат,
Алыс арман талаптан басталары — ақиқат.
Тартқан салар биікке ер болары — ақиқат,
Тайлақтардан атаннын зор болары — ақиқат.
© Естеу Нүсіпбеков 1975ж.
[…] салдың ортасында, Шындық-қылыш сілтеуден қорқасың ба? Ақиқатты ашып сап, мытып ұстап, Қолың тұрды «Күн көсем» […]
[…] өзісіңдер. Қақа жарған қара қылды әділ бидей, Түп-түзу ақиқаттың […]
Естеудей ағай бар елде — із қалары ақиқат
Шәкірттері тізілген — өзіне ұқсары ақиқат…