Азат ой иелері

Азат ой иелері

Азат ойдың жемісі — ақыл, айла.
Әр азаткер әр сөзін ақыл айла.
Азаткерің аз емес, арыстарың,
Атаңа да, ағаңа ақырайма.
Аңырғандай жайың жоқ апшып ойдан,
Орқаш-орқаш дара шың оқшырайған.

Қор ету де зор ету сенің ісің,
Сен тұрғанда кім іздер жоқшыны Айдан?!
Ақ жолына жоқшы бол азаткердің,
Қайғы жүгін қақ бөліс азапты Ердің.
Үйретіп кет ұлыңа, қызыңа да,
Тамұғына күйгенін тозақты елдің.

Ұнаса, бөлісе отырыңыз

2 ответа к «Азат ой иелері»

  1. Қилеке,
    дәл аңғарыпсыз. «Ақыл ой иелері» деген қысқа арнау өлеңмен «Алаш ақиықтары» бөлімі басталады да, әрбір Алаш азаматтарына арналған өлеңдері жалғасып кете береді… Әкемнің кітабында осылай жазылған, соны көшіріп қойғамын.
    Сәлеммен Ержан

  2. Үлкен рахмет!
    Тағыда толықтырыла түсетін шығар…

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

четыре × 2 =