Әкем – қазақ, мен – қазақ, ұлым – қазақ

Әке мен бала

Әкем – қазақ, мен – қазақ, ұлым – қазақ,
Тілейтінім – тамырдан жұлынбасақ.
Түпкі тамыр: тіл мен дін нық орнықса, –
Ете алмас-ты ешкім де бізді мазақ.

Әйтсе-дағы қиын-ақ мына заман,
Көбеюде күн сайын күнәлі адам.
Қауіп те көп, соққы көп іштен-тыстан,
Арам пиғыл, жат құлық сыналаған.

Тамырына  у  құйып Байтеректің,
Жапырағын жалмап жүр жай теректің.
Сенім, наным жадылап жүгендеп жүр,
Шырғасымен жымысқы әр “көмектің”.

Жетесізді әзәзіл азғыруда,
Өз қолымен өз көрін қаздыруда.
Ар-иманын сатқандар ақша үшін
Қандасын да, дінін де жазғыруда.

Қайтсе керек мұндайда біздің ұрпақ ?
Миым удай ашиды, қаным құрғап .
Ем іздеймін өрт шалған өзегіме,
Дару табар кімің бар, айтшы шырақ ?!

© Естеу Нүсіпбеков

Ұнаса, бөлісе отырыңыз

17 ответов к «Әкем – қазақ, мен – қазақ, ұлым – қазақ»

  1. рахмет, Сәуле апай. Білем ғой сіздерді, Зәуре апай, Розалармен хабарласып тұрамын.

  2. Қайырлы күн! Мына Естеу ағаға арналған сайтты кездездейсоқ тауып алдым: Керемет! Ағаның аруағы риза болсын! Артында ұрпақ, ұл қалса осындай болсын! Бауырым саған Алла риза болсын! Мен Халық ағаның (Әкеңнің жанұялық достары еді ғой білетін шығарсың)) Сәуле деген үлкен қызы болам, Шымкентте тұрам. Хабарлас. Зияда апайға дұғай сәлем айт. Қайбір жылы тойда көріп едім.

  3. Естеу ата сіздің өмірбаяныңызды оқып қиын заманда өмір сүргенсіз. Ал туындыңыды оқып толқып
    кеттім.Жатқан жеріңіз жайлы болсын!

  4. осындай-осындай керемет әндеріңіз жеңістікке жете берсін жаныңыз жанатта болсын

  5. журектен оқ откендей айтылған өлен тамаша оз мәдинеттерін ді умытпандар

  6. Рахмет, оте жаксы жазылган. шыгармашылык табыс тилеймин

  7. Сіздің осындай тамаша өлеңдеріңізді ұстаздарға жеткізе берейін, жаныңыз жаннатта болсын!

  8. Машааллах! Аллах сізге разы болсын»

  9. Тамаша!!!мен сіздерге ризамын!!!

  10. «Жетесізді әзәзіл азғыруда,
    Өз қолымен өз көрін қаздыруда.
    Ар-иманын сатқандар ақша үшін
    Қандасын да, дінін де жазғыруда.»
    осы шумақтарды оқып отырып, біз қайда бара жатырмыз, қай тығырыққа тірелер екенбіз деп,ішкі дүнием астаң-кестең болып кетеді.

  11. Намыс қайда, қазағым
    Армысындар, қалын елім қазағым,
    Кімдер бізге аударады назарын.
    Мемлекетіміз меншікті боп тұрған мен,
    Кім тартады шұбар тілдін азабын.

    Жаның таза пәк болғанмен жүрегің,
    Елге жұмсақ нық болғанмен тірегің.
    Өз тіліңде сөйлей алмау шынында,
    Өз ұлтыңа қиянат ғой білмедің.

    Дінің ғылым, ұлттың асыл мұралың,
    Көп тіл сөйлеу табылмайтын құралың,
    Басқа тілдің бәрін біліп тұрсанда,
    Өз тіліңді білмеу, жоқтығынан ұжданның.
    Сөйлемесең тіліңде, жоқ дегендік дініңде,
    Құрметтемей ұлтыңды, өз өзіңді құртқаның.
    Ашалмай тұру есікті,
    Намыс қой мына біздерге,
    Түбінде тұрып тұтқаның.
    Азғындалып 70 жыл,
    Азаттық алдың құтылдың, егеменді ел болдың.
    Намыс қайда ар қайда,
    Ойлайтын халқын ұлт қамын.

    Шетелден келдім ел астым,
    Халқымды силап ел басын.
    Сөйлесе алмай қазақша,
    Өн бойымды тер бастың.
    Табанымен көк тіреп,
    Алақанмен жер бастың.
    Оң алатын кез бол дау,
    Көзімімізді шел, көкірегімізді шер бастың,
    Өзге тіл жаулап жүрген соң,
    Қазақтын алтын ордасын.
    Қазақпын дейтін қазақтар,
    Қазақтын тілін қолдасын!!!
    Дыбан Қуат,
    2010жыл.Астана қаласы.
    Топырағыңыз торқа болсын, Ақын ата! Сіздің тамаша жазылған жырыңызды оқып толқып кеттім. Мен де қазағым, алтын бесігім, атамекен отаным деп, арғы беттен келген едім, ең алғаш «хош келдің» деген сөздің орнына «вам куда» деген қазақ жігіттің сөзін естіп, шалқортама түсе жаздадым. Содан туған өлең еді. Сол жырымды Сіздің рухыңызға арнаймын Естеу ата!

  12. Қайран зығырдан ай қайнаған…
    Жатқан жеріңіз жайлы болып, иманыңыз жолдас болғай ардақты аға!!!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

четыре × два =