Құдіретті Құдайым

Құдіретті Құдайым !
Сенімімді бекем ет.
Немеремді жетілдір,
Шөберемді жекен ет.
Мейірім бер туысқа,
Жасы үлкенін көкелет.
Жетеліні жетеле,
Жетесізді шөкелет.

Атым барда жер таныт.
Асым барда ел таныт.
Атымды да арбамды
Арандатпай жол таныт.
Әзәзілді, арамды
Бетін ашып оң таныт.
Қараниет қаскөйге
Қасқыр түкті жон таныт.

Құдіретті Құдайым !
Оңғар әр кез ісімді.
Көре алмастан іші тар
Үстем еткін мысымды.
Биік көкте қалықтат,
Қиялымды, құсымды.
Бұлшығымды сіңірлі ет,
Тұяғымды қышырлы.

Ұнаса, бөлісе отырыңыз

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

четыре + 11 =