Сенім – иман, сенім – ар,
Сенімде де сенім бар.
Ар-иманға жүгінсең,
Алдыңда ашық жолың бар.
Сенім – иман, сенім – ар,
Сеніміңе сеніп ал.
Ақсамасқа ар-иман,
Сеніміңді жеңіп ал.
Сенім – иман, сенім –ар,
Сеніміңе сеніп ал.
Ар-иманды ақсатсаң,
Етер сайтан сені хар.
Шайтанға сыр алдырсаң,
Жат дін, жат салт ұстайсың.
Қос қанаттан айрылған
Тобан аяқ құстайсың.