Он сегіз

О, дариға, он сегіз, қыз көктемі,
Ғашықтықтың ғапылсыз іздет мені.
Маған аян махаббат шежіресінен,
Сені аңсап сан тарау із кеткені.

Кездестірдім кейіннен тас бейіттер,
Құлай сүю құрбаны жас шейіттер.
Оның бәрі көне күн оты сөнген,
Менмін саған дәл қазір бас кейіпкер.

Келем шөлдеп көсілген соқпағында,
Құшағында ғұмырлық шоқтануға.
Құйма асылдай тап-таза табиғатым,
Өзгеруге хақым жоқ, тоттануға.

Ұнаса, бөлісе отырыңыз

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

девять − 6 =