Андыздап жүр Әзәзіл төрткүл тұстан

Андыздап жүр Әзәзіл төрткүл тұстан,
Әпсүн оқып сүу-сүулеп іштен-тыстан.
Аран ашты айдаһар-ғаламдасу,
Белге оралып  мытқылап өкпе қысқан.

Тарылдырды тынысты, басар жолды,
Жат жобалап жоспарды жасар болды.
Шығыс емес , таңдалды Батыс үлгі,
Ұлттық рух бел кетіп нашарланды.

Еңсені езді енжарлық әр ыңғайдан,
Қыза түсті соғыссыз мәңгі майдан.
Бәсекеге әлемдік төтеу үшін,
Қайрат, айла, табамыз қайдан қайран?!

Ұрпақ ойдан олқы емес, кенде де емес,
Жарыста озбас жай жабы пенде де емес.
Жеті ғарыш, жеті тіл, жеті қат жер,
Меңгерердей жетелі, іші кемеш.

Сол ұрпақтан күтемін үлкен үміт,
Бәйге алар деп тізгінін ірке жүріп.
Бойын да ойын тап-таза сақтайды деп,
Індетінен Батыстың үрке жүріп.

Бақсы да емен, сәуегөй балгер де емен,
Жұқтырғаным кем емес әр көрмеден.
Бармақшымын қазақ боп қайда барсам,
Домбырада үн іздеп әр пернеден.

Ұнаса, бөлісе отырыңыз

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

пять × один =