Нәпсің мен жетелетсін сезімдерің

Нәпсің мен жетелетсін сезімдерің,
Асауға ерін салсын төзімдерің.
Олжа, ұтыс саған аунап әр тұстан да,
Ұстатсын тек тұзы мен көзірлерін.

Зор ерлік – нәпсі тыйып, өзін жеңу,
Сұлуға сұқ қадайтын көзін жеңу.
Құлқынға, ындынға да ынсап сақтап,
Ақ, адал адамдыққа төзімдену.

Ақылың жосығыңды пайымдасын,
Жолыңды, соқпағыңды дайындасын.
Кім болып, кімге құлдық ұрарыңды
Тек Иман – Ар-ұятың уайымдасын.

Ғылым біл, өнер зерле, асықпағын,
Сары уыз қаймағыңды қасықтағын.
Атақ та, абырой да өзі іздесін,
Сен іздеп жігеріңді жасытпағын.

Ұнаса, бөлісе отырыңыз

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

12 − 1 =