Бақ қызырлы құт мекен

Кітапхана – қазына,
Тегін білім кеніші.
Кәріңе де жасыңа
Есігі ашық, кең іші..

Кітапхана – дария,
Тұңғиықтар кернеген.
Қанша ақса да жария,
Аспайды арна-ернеден.

Кітапхана – құт мекен,
Қызыр қонып жататын.
Іздеген жан мықты өтем
Олжаға әбден бататын.

Білімінен дәм татып,
Тұнығынан шөл қандыр.
Дегдар сезім аңдатып,
Жанжүрегің толғандыр.

Шақ ғұмырда қысқа жіп
Азаймайды ішкі әлек.
Ішкі әлектен  қыстанып,
Уақыт табу – күшті әдеп…

Сәтін келтір, туысқан,
Көлігіңнен түсе кет.
Қызыр тұтқан ыдыстан
Қымыз-сусын іше кет.

Ең болмаса газет көр,
Дулы өмірден хабар тап.
Деу үшін де ғажап  ер,
Бос болмасын қанар, қап.

Ұнаса, бөлісе отырыңыз

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

два × 4 =