Түрлі тойым
Білеу жұтса, — қолдай етке қыран тояды.
Бітеу жұтса, — торғайға да жылан тояды.
Шүйгін суға, соны шөпке аузы тисе,
Жылқы менен жылқы текті құлан тояды.
Құзғын, құмай атан, нарға тоймайды.
Құйтымдай сүлік жарылғанша тоймайды.
Дәніккеннен құныққан өтіп жалмауыз
Комбинатты, составты, тресті де
Жұтса қылқып тоймайды,
Жұтынғанын қоймайды.
© Естеу Нүсіпбеков.
Сізді мына портпл арқылы енді танып біліп тұрмын.Ғибратты мәнді сөздеріңізбен,нұрлы ақыл ойға құрылған өлең жолдары расында маған ұнады.Рахмет