Жақсы

Жақсыға жұрт қоспайды кез келгенді,
Әр тағдырға бір тараз безбендеулі.
Ауызбен аю алған толып жатыр,
Ер жасы-Елу екшейді Ез бен Ерді.

Жақсы – абыз.
Дініне ақ, тақуадар.
Ұрығына Алты Алаш – қанына адал.
Құлқын құртпас атақ пен байлық, мансап.
Ақ тілеулі ар құлы – жанына адал.

Жақсы – Қызыр.
Қол қусыр, қолын ұста.
Ауыстырма алтынды жез бен мысқа.
Жез мық сөзін жадыңа шегелеп қой,
Ақылыңа – шамшырақ, ойға – нұсқа.

Шын жақсының өрімтал ісі жақсы.
Өңі, ойы, лебізі – іші жақсы.
Жайсаңына жақсының жеткізетін,
Айналамда аман бол ынтымақшы.
© Естеу Нүсіпбеков.

Ұнаса, бөлісе отырыңыз

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

семь − один =