Ата жолың – ардағың

Ж.Кәкенұлы. "Оралу"

Айтсаң — аңыз,
Тартсаң — күй,
Шырқасаң — ән.
Дастан сомдап соғасың — жетсе шамаң.
Адамдыққа құяды арғы түбі —
Адал жолын айнымай нық ұстасаң.

Ата жолың — ардағың, қасиетің,
Таңданып та тамсанып бас иетін.
Жауды жеңген әр биік, әр асуға
Бас борышың ескерткіш тас үйетін.

Дәріс алар мектебің мәртебелі,
Тәлімі ырза етеді әр әжені.
Көкірегіңе өндірмек өнерлі ұрық,
Жаттатпай да көк езу ережені.

Оқулығың тасқа ойған, қағазға емес,
Сарнамайды сұйық сөз, саяз кеңес.
Әулет жалғап әулетке келе жатыр,
Өшкіндемей, өң-түсі тартпай көмес.

Мәңгі тірі рухың — ол,
Дем берушің.
Дертке дауа, шипагер ем берушің.
Өкпек желін заманның елетпей-ақ,
Жасандырып, жаңартып теңгерушің.

Ең аяулы ұстазың — үйретушің.
Бар ғұмырды ырқына билетушің.
Есің барда айрылма етегінен,
Ділі мықты Пайғамбар үмбетісің.

© Естеу Нүсіпбеков

Сурет Женіс Кәкенұлының сайтынан алынды.

Ұнаса, бөлісе отырыңыз

Один ответ к «Ата жолың – ардағың»

  1. Аяулы Папа! (марқұм дегім келмейді, себебі Сіз әрқашан жанымыздасыз, әрбір өлең жолдарыңыз өлген жоқ деп тұрғандай.)
    Ең аяулы ұстазың — үйретушің.
    Бар ғұмырды ырқына билетушің.
    Есің барда айрылма етегінен,
    Ділі мықты Пайғамбар үмбетісің.- деп,дәл, нақ,дұрыс айтқансыз.Тағдырға, бұйрыққа иман келтірген адам сабырлы болады екен.Өткен іске бола дүниеден түңілмейді, қасіретке мойымайды, келер күннен үмітін үзбейді.”Күшті мүмін әлсіз мүміннен артық, Аллаһ Тағалаға сүйкімді. Жақсылық алыс емес. Өзіңе пайдалы іске қызық. Аллаһ Тағаладан жәрдем сұра. Әлжуаздық, нашарлық жасама. Басыңа қайғы түссе, жасыма, зиян тартсаң, өкінбе. Өйткенде бұлай болмас еді, бүйткенде олай болмас еді” деп орынсыз опынба. Керісінше, Аллаһ Тағала соны тағдыр еткендіктен солай болды де. Өйткені үмітсіз опыну шайтан ісіне жол ашады екен (Бухари мен Муслим)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

пять × один =