Салмақ

Қағанның түсі

Өлшейді бақас немен салмағыңды?
Зейілмен тану қайда ер жағыңды?
Іздейді ілігінді, шатысыңды,
Сан сала тамырыңда тармағыңды.

Сездірсең барын мықты байлау жібің,
Бірі деп – бас шұлғиды жайлаулының.
Жасқанып, қауіп ойлап сасқанынан
Болады жауып әуре айдаулы ізін.

Егерде бір сүйеуің жоқ деп білсе,
Тұрсаң да шұғыла шашып көктен күнше,
Қарайды дереу аяр сумаң сұспен,
Тұрпайы қылықтармен дүмше дүрсе.

Тарынба, жеңілдеме бұл қылыққа,
Қаныңды салқын ұста, жүз жылытпа.
Адамға ақ жарылып қызмет көрсет,
Келсең де қырық емес жүз қырыққа.

© Естеу Нүсіпбеков

“Қақанның түсі” деген картина Жеңіс Кәкенұлының сайтынан алынды


Ұнаса, бөлісе отырыңыз

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

15 + одиннадцать =