Сайлау – бәйге, ат шабыс

Сайлау – бәйге, ат шабыс,
Мақсаты – ірі , жақсы-ақ іс.
Қасиеттеп халықты,
Халық үнін хаттағыш.
Әділетті іспенен
Ар, намысты сақтағыш.
Қоғамшылды үкілеп,
Қоғам ісін ақтағыш…

Бұл күнде үні – түрпідей,
Қаңғыр-құңғыр қақсағыш.
Күйі теріс құлаққа,
Тым тұрпайы жат қағыс.
Есіреді алкеуде
Дүміменен таптағыш.
Желігеді ықтырып,
Жуан білек саптағыш.

Атанады ең білгіш,
Жайын ауыз жаппағыш.
Туралықтан тайқыды
Күні-түні қақсағыш.
Пысық болып танылды
Көкезу сөз жаттағыш.
Қараулықпен ауысты
Көп таныған аппақ іс.

Мәні өзгеріп сайлаудың,
Түсіп жатыр саудаға.
Сатылмайтын кімің бар ?!
Келетін кім таубаға ?!
© Естеу Нүсіпбеков 1995

Ұнаса, бөлісе отырыңыз

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

14 + 3 =