Шертиген шенеуніктің оңғаны жоқ.

Шертиген шенеуніктің оңғаны жоқ.
Сонда да айтқаны хақ, қалтасы тоқ.
Кезекке талас қылып есігінде,
Шулаған, түс шайысқан даңғаза топ.

Дейсіңдер жанында қай дамылдық бар?!
Сарсаңда апта бойы ауылдықтар.
Қалтасы көтермейді қонақүйді,
Маңдағы түней салар қауындықта әр.

Ысқырып ыза жатыр іштерінде,
Түксиген суық ызғар түстерінде.
Сағаттап кейде бастық таптырмайды,
Телефон шыр-шыр іздеп үстелінде.

Кей таныс жылпос кірсе кезек бұзып,
Кірісер анекдотқа, күлкі қызып…
Ал кейде доғарады қабылдауын,
Кезекті хатшысына таратқызып…

Апыр-ау, бұлар қайтіп оңалады?
Шел көздің сылынбас па доғалаңы?
Көзді де, көңілді де, өмірді де
Сорлатып тынар болды-ау зобалаңы!..
© Естеу Нүсіпбеков

Ұнаса, бөлісе отырыңыз

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

один + 1 =