Ақыл, діттен айныма

Сабыр бір дем: партия қаптасын-ақ!
Бізден насыбай атпайды шақша сұрап.
Айғайласын өңеші жыртылғанша,
Күш-шамасын асыра мақтасын-ақ.

Жағалассын жаға-жең жыртқанынша,
Бірін-бірі құлақтап құртқанынша.
Қорқаулармен алыссын, көкжалдармен,
Бай үйінің алыпсоқ сырттанынша.

Күпсігендер күбісін пісе берсін,
Сайлауға да сатынып түсе берсін.
Біздің неміз кетеді, тыңдайықшы,
Саясатын сапырып іше берсін.

Сап-сап көңіл, саябыр, сабаз жұртым!
Үрлеп ұшыр үстіңнен уағыз бұлтын.
Танып алғын тап басып арлы ұлыңды,
Арасынан аптыққан сөзшең қиқым.

Танып алғын тап басып алаяқты,
Бұзып жүрген қу тілмен елдің шырқын.
Ақыл, діттен айныма, қателеспе,
Партия боп, басқа боп «баталаспа».
Адамшылық, арлылық, азаматтық
Қарамайды ауылшыл аталасқа.
Жүрекжарды ақ ниет Бата басқа!
© Естеу Нүсіпбеков

Ұнаса, бөлісе отырыңыз

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

восемнадцать − два =