Маған кім жол үйреткен, жоба үйреткен?

Маған кім жол үйреткен, жоба үйреткен?
Табуды із жаза баспай көп иректен.
Нөсерде сүметілсем не жаңбырда,
Ың-шыңсыз құрғатынып кебуге өппен.

Дарытқан кім бойыма сабыр, қайрат?
Жеңдіріп қиындарды жігер қайрап.
Сіңірген кім бойыма буралықты,
Келеге үйір етер бота, тайлақ.

Жұқтырған кім бойыма жұғымдылық?
Байыпты байқататын мығымдылық.
Шалдуар шайпауларға, шатпақтарға,
Шашпайтын шырын сөзін шығын қылып.

Олар нақ: атам, әжем, әкем, шешем,
Ешбірі болмаса да көсем, шешен,
Көрсетті үлгі, өнеге істерімен,
Өткерді өмірлерін көркем, әсем.
© Естеу Нүсіпбеков

Ұнаса, бөлісе отырыңыз

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

восемнадцать − 13 =