Кім кімге немен ұнар?

Кім кімге немен ұнар?
Өлшем бар ма?
Баласын аппағым дер қара қарға.
Базардан қалағанын сатып алып,
Қанағат етеді есті барға ғана.

Ақылды, есеп құрар айлагер де,
Қайтсе де пайда көздер саудагер де.
Ораза, намазынан айрылмайды,
Тақуа, дініне адал таубагер де.

Ұрыға ұры серік түн жамылған,
Жездем сай әпекеме қаққан сумаң.
Таниды тілмашсыз да бірін-бірі,
Әр елдік жүрімпаздар қылмаң-қылмаң.

Дәніккен құныққанмен болады әмпей,
Жанасқан жең ұшынан және жәмпей.
Ол сұмдар ұлық болса ордадағы,
Сүйрелеп бір малғұнды етеді Антей.

Ар емес арам істер құлқы сайға,
Арланша-ақ табысады тоғай, сайда.
Жәй емес таңғалар да, бас қататын,
Жүрсіңдер күнде көріп әрбір жайда.

© Естеу Нүсіпбеков

Ұнаса, бөлісе отырыңыз

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

девять + семнадцать =