Ой іздедім тұңғиық түптерінен

Ой іздедім тұңғиық түптерінен,
Орманды өрдің жап-жасыл тік төрінен.
Арқалаған ажырық арқа-жонға,
Арылмастан жан бағыс жүктерінен.

Аз ба, көп пе әлімше тапқандарым?
Жаңғырттым ба Аспантау жақпарларын?
Әй, білмеймін, шамадан асып кетті,
Ашудан да ызадан сақтанғаным.
© Естеу Нүсіпбеков

* * *
Өлең сөз — шүйгін оймен, шүйгін сөзбен
Өлшейді күш, салмағын сезім-безбен.
Алдында алушысы — Ақыл-Қазы
Қырағы күзетеді қырғи көзбен.
© Естеу Нүсіпбеков

* * *
Айбыны ақындықтың соны сөзде,
Ұстайды шымылдықсыз оны көзде.
Шіркін-ай, таныса еді көзжұмбайсыз,
Ақ ділді, адал ойлы сыны лезде.

© Естеу Нүсіпбеков

Ұнаса, бөлісе отырыңыз

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

5 − 2 =