Мен барамын өмiр-теңiз өтiнде,
Адаcардай ақжал толқын бетiнде.
Кiм боларым, не берерiм тұр күтiп,
Бейне жартас
Сұр сұрапыл шетiнде.
Сол жағаға жүзiп, есiп жетем бе?
Әлде түлей тұңғиыққа кетем бе?
Бұл арасы белгiсiздеу
Қазiрше
Өлең-қайық өткенi жоқ өтемге.