Естеудің байлығы — өлең, бақыты — өлең

Естеудің байлығы — өлең, бақыты — өлең,
Жарға сыйлар жүзігі, жақұты — өлең.
Саусақтарын талдырып қалам тұтқан,
Жарты ғасыр жарға ұрған уақыты — өлең.

Серігі — өлең, жан қойма сырласы — өлең.
Медеті де мияты, мұңдасы — өлең.
Жайлы жазда, қысталаң қыста дағы
Өткізбеген еш күнін елең-селең.

Мінген сайлап алысқа көлігі — өлең,
Тіл үйірер таңқурай, өрігі — өлең.
Жасуға да тасуға пейілі жоқ,
Сөнбес шоғын үрлейтін көрігі — өлең.

Өмірі — өлең, өмірлік сенімі — өлең,
Кеніш қазып шығарар өнімі — өлең,
Тиген кезде қолыңа, о, Болашақ!
Шүйіркелес жылы жан меніменен.
© Естеу Нүсіпбеков

Ұнаса, бөлісе отырыңыз

8 ответов к «Естеудің байлығы — өлең, бақыты — өлең»

  1. Ар-ұят өлімнен де күшті ғой, ар-ұятты алла тағаласыз бекер берген жоқ қой. әлемде ар-ұяты жоқ адам неге жүр адам болып?

  2. Көзіңнен сүйдім

    Ол да бір маған жұбаныш.

    Көріспегенде неге біз жүдеп тұрамыз?

    Кездесер күнге бар көңілді бұрамыз

    Махаббат деген біресе шындық, бірде аңыз.

    Көзіңнен сүйдім,

    Қайтейін, ол да жұбаныш…

    Көзіңнен сүйдім,

    Айналдым сенің көзіңнен!

    Мен сені күтем сағынышты төзіммен.

    Хатыңа басқан мәні бар әр бір сөзіңнен

    Қуат аламын, хатыңды жастап көз ілгем…

    Көзіңнен сүйдім,

    Айналдым, жаным, көзіңнен!

  3. “Шүйіркелес жылы жан меніменен”
    -дегеніңіз бергендей көңілге дем.
    Дүниеңіз жоқ болса аброй бар,
    Досыңыз жоқ сөзіңе ерімеген.
    Шәкірттерің бір төбе ұл-қызыңнан,
    Менде біреу ізіңнен еріп жүрген.

  4. керемет өлең жолдары, мұндай ақындарымыз тұрганда біздей мұғалімдер туралы әндер өшпес

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

шестнадцать + шестнадцать =