Бір сөзі…

Бір сөзі — мығым бәрін білетіндей,
Бір сөзі — миығынан күлетіндей.
Бір сөзі — ат сезімдей тізгін жұлқар,
Бір сөзі — бұқа күдік сүзетіндей.

Бір сөзі — сенім тұлпар, шабатындай,
Бір сөзі — сағыныш боп табатындай.
Бір сөзі — қиға қонар иісті қоңыз,
Бір сөзі — шаян құрт боп шағатындай.

Қай сөзін ұстарыңды біле алмайсың,
Өзің де бір қалыпты жүре алмайсың.
Бір күні ер-тұрманды баурыңа алсаң,
Бір күні сөз құбылтып сен де алдайсың.

© Естеу Нүсіпбеков

Ұнаса, бөлісе отырыңыз

Один ответ к «Бір сөзі…»

  1. “Қай сөзін ұстарыңды біле алмайсың,
    Өзің де бір қалыпты жүре алмайсың.
    Бір күні ер-тұрманды баурыңа алсаң,
    Бір күні сөз құбылтып сен де алдайсың.” Сөз құдретін пенде қалай құбылтам десе, шебер екен ғой, Атамның өлең жырын оқып отырып, көкірегімдегі жауап таба алмай жүрген сан қилы сұрақтарыма тұщымды жауап таптым. Ие, өзің ешкімнің ала жібін аттамағасын елдің бәрі өзің сияқты болып көрінеді. Бетіңе күліп жүріп, ту сыртыңнан сатқындықтың, өтірік-жаланың қанжарын бір-ақ сұғады. Дүние төңкеріліп жүре береді. Сол бір ауыз сөзі “шаян құрт боп шағады”.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

пять − два =