Абайша 😉
Жасымда қулық бар деп ескермедім,
Пайдасы бар ма, жоқ па, тексермедім.
Есейгенде енбеді — ми қатты ма?
«Қолымды мезгілінен кеш сермедім».
Икемсіз қалуыма кім кінәлі?
Жаттықсам суайттыққа өстер ме едім?!
Адалдық ақ қасиет — еңбек деген,
Еңбекпенен жанымды зейнеттеп ем.
Олақпын жезді алтын қып көрсетуге,
Тер төгіп әлі дағы бейнеттенем.
Тынымсыз талса жүйкем күні ұзаққа,
Түн бойы қызып-суыр терлеп денем.
Обал жоқ өзіме де: болмай қаңбақ,
Қия тас қиындарды алған таңдап.
Сан соғып енді отырмын орта жолда,
Бес батпан иінімде ауыр салмақ.
Қайтарлық пейілім жоқ таңдау жолдан,
Ұқ, досым, алға ұмтылсам жөнім барлап.
© Естеу Нүсіпбеков, 1988