ЖЫР-ҚЫМЫЗ

( Алматы Құрылыс корпорациясының төрағасы,

“Отан” Партиясы төрағасының орынбасары

Аманкелді Ермегияевке )

Азаматы алаштың, құрылысшым,

Алысқа да жақынға ұғыныстым.

Аманкелді батырдың атын алған,

Өнерге де ғылымға жұғыныстым.

Айналаңнан ақылмен аластайсың

Жын, шайтанын әзәзіл ыбылыстың.

Сөйлеп кетсең қос тілде мүдіріссіз,

Қандырасың айызын жиылыстың.

Тілді, ділді Тәңірім дарыған-ақ,

Саралайсың сырын нақ құбылыстың.

“Отан” туын биік, тік, мықты ұстап,

Түйінін тез шешесің шұғыл істің.

Жасқанбайсың от пен су қауібінен,

Жалтаңына жаның қас бұғыныстың.

Жалыны аптап домна пеш көкірегің,

Балқып жатыр кен тасы бүркіп ұшқын.

Озығынан өнердің бәйге аямас,

Жомарттықпен даңқы асқан рухы күштім.

Қызырлысың , әу бастан ақжолтайсың.

Жолымды ашқын, менен жыр-қымызды ішкін.

Ұнаса, бөлісе отырыңыз

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

семнадцать − тринадцать =