Арындаған, жалындаған бетіңмен,
Қарайламай, абайламай кетіп ең.
Жақсы орнапсың, хат жолдапсың,
Алыстан.
Жаныңда жоқ, ойыңда боп,
Таныс жан.
Мархабатым, махаббатым дер едім,
Мен не дермін, нұр төгерім Сен едің.
Сүйікті едің, биіктедің Сүйіктім,
…Іште жалын… не істер халім? Сүйіппін!
Арман айдап, мол жыл айлап жетермін,
Қорқып кетсең, шер қып кетсең нетермін?…
Үрімжі. 07.10.1959
[…] Зияда Ар-Иман, Ойтолғау, Өлеңдері Ар-ұят, ақиқат, жүйрік, Рух, сенім, ұлт тағдыры Бұл мақала 3 рет оқылды, 3 рет бүгін “Астана-Бәйтерек” басындағы ой » […]