ТЕКЕСІМ

Суы мөлдір Текес тау-
Жетісудың биігі.
Акиығы шанқылдап,
Таста ойнаған киігі.

Қара мақпал қарағай
Қапталында қайысса,
Танауыңды жарғандай
Гүл, бетеге, күйігі.

Сағынып келіп бұл таудың,
Шалғынын құшып жатып па ең?
Тасынан таймай өрмелеп,
Тау текесін  атып па ең?

Тамыз айы таңында
Тұнығына батып па ең?
Тіл қуырған қоймалжың,
Қымызын сылқа татып па ең?

Көрмеп пе едің?
Өкініш!
Оқасы жоқ, жүр бірге,
Жайлаудан-ақ көресің,
Төрт маусымды бір күнде.

Тәнің ширап, ой сергіп,
Құлантаза қайтасың,
Бой да, ой да шалықпай
Ауру, сырқат, кірбеңге.

Дағдылансаң, шырағым,
Ақ үй тігіп келіп жат.
Шың, құздарын қаздиған
Шаңырақтан көріп жат.

Үнің жетсе дүниеге
Тіл майыңды тамызып,
-Жер жаннаты мұнда,- деп,
Хабар-ошар беріп жат.

Естеу Нүсіпбеков, 1975 жыл

Ұнаса, бөлісе отырыңыз

Один ответ к «ТЕКЕСІМ»

  1. Керемет екен Қайран ақынды естімей жүріппізғой насихаты аз секілді. Керемет өлеңдері сұлу екен, әсем екен шіркін. Жаным сүйсінді жарықтық. Біздің Нарынқолда болыпты ғой Мұқаңдарды көрген болар бәлкім.. Жақсы екен сайт иелеріне рахмет ….

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

17 + 13 =