Серуенім, сайраным

Көрдім десем көп өмірді,-
Көрмемегенім қаншама?!
Өттім десем кеп өткелден,-
Өтпегенім қаншамаі?!

Шектім десем көп жапаны,-
Шекпегенім қаншама?!
Жеттім десем көп арманға,-
Жетпегенім қаншама?!

Мен оқитын, мен зерттейтін
Білмегенім аз ба екен?
Бау-бақшасы мәуілжіген
Мәуетек бай жаз ба екем?

Үйір-үйір үйір ойлар
Құлындатқан саз ба екем?
Әлде албырт орта бойлы
Орта ойга мәз бе екем?

Кім сынайды, кім талдайды
Бақай, башпай шаққандай?
Соны ойлаймын соны өлеңнің.
Оттығына шоқ салмай.

Бір ойлының білгеніндей.
Білсем деймін мақталмай,
Бір ойлының бергеніндей
Берсем деймін тоқталмай.

Серуенім де, сайраным да
Соған құрбан,  жан шырақ.
Өмірге де, кітапқа да
Сұрау салам жан сұрап.

Діңкем қатып, миым дал боп
Кейде қалам қалжырап.
Алыс шалғай ауылда ұқсап
Әлсіз жанған шамшырақ.

Естеу Нүсіпбеков, 1976 жыл

Ұнаса, бөлісе отырыңыз

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

4 + тринадцать =