Алданбау

Алдады-ақ қой, алдады
Күйбеңі көп бұл тұрмыс.
Алаңдатты ақылды
Ирегі көп бұл-тұрмыс.

Алдады-ақ қой, алдады
Абырой деген ұяң қыз.
Аядай-ақ көрінді
Мынау жалпақ қиян дүз.

Алдады-ақ қой, алдады
Жан сипатын танымау.
Қайсы жігіт, кайсы қыз
Арбамады, жаным-ау?!

Санаулы дос, бір әйел
Қаста қалды солардан,
Қармақ түгіл кетірдім
Талайлардың салында ау.

Кіне артпаймын өзгеге,
Сезімдерім-алдады.
«Жазам ғой,- деп,- ертен-ақ»
Көз ілгенім алдады.

Өзге іспен өлеңнен
Айналғаным алдады,
Жан бағыстың қамымен
Байланғаным алдады.

Өлең жазып алайын
Әуреленбе, серігім,
Оңаша қой, тіл қатпа,
Күбірлесе ерінім.

Шабыт қуып ширығып,
Басқа істі ұмытқан,
Кей күндері мен өзім
Өлен қуған серімін.

Алдады-ақ қой, алдады
Жан сипатын танымау.
Қайсы жігіт, кайсы қыз
Арбамады, жаным-ау?!

Санаулы дос, бір әйел
Қаста қалды солардан,
Қармақ түгіл кетірдім
Талайлардың салында ау.

Кіне артпаймын өзгеге,
Сезімдерім-алдады.
«Жазам ғой,- деп,- ертен-ақ»
Көз ілгенім алдады.

Өзге іспен өлеңнен
Айналғаным алдады,
Жан бағыстың қамымен
Байланғаным алдады.

Өлең жазып алайын
Әуреленбе, серігім,
Оңаша қой, тіл қатпа,
Күбірлесе ерінім.

Шабыт қуып ширығып,
Басқа істі ұмытқан,
Кей күндері мен өзім
Өлен қуған серімін.

Естеу Нүсіпбеков,1975 жыл

Ұнаса, бөлісе отырыңыз

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

1 + семь =