Белес

Көтеріліп барамын
Бесінші асу белеске.
Жеңіл емес жорығым
Мендей бейбақ көбеңге.

Төрешім бол, ескі дос!
Бесіндікке жақындап,
Еңкейгендей сәл-пәлге
Күн күлімдеп төбемнен.

Ой жетерлік өңірге
Көз жетеді бұл дөңнен.
Құлақ күйі бұраулы
Домбырадай бұл кеудем.

Сал жорғадай тайпалып  .
Су төкпестей жыр кеудем,
Сақтағай да табиғат
Тұмау-сымау кірбеңнен.

Қызыл іңір кіргенше
Жорғалаудан танбайын.
Таусылғанша дәм-тұзым
Өлең бағып қағайын.

Жиырмада жінігіп,
Отызымда ой жидым, .
Қылаң ұрсам қырықта,
Айыптама, ағайын?

Менен алда жорға мен
Жүйрік аз ба, ағайын?!
Ниетім жоқ оларды
Соғайын дер, қағайын.

Оза берсін өзгелер,
Қуанамын ылайым,
Өз сөремді, дөңімді
Өзім ғана  табайын.

Естеу Нүсіпбеков, 1976 жыл

Ұнаса, бөлісе отырыңыз

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

одиннадцать + 20 =