Сезімі сергек, тілі бал

Сарнататын санаттарын,
Жайнататын жанаттарын.
«Әліппе» де, «Ана тіл» де
Қақтырады ой қанаттарын.

Бірге оқимын немереммен,
Тық-тық тілі шегеленген.
Қалт кетпейді қарауылдан
Садақ жайы жебеленген.

Абай дана, Жамбыл ата
Сара сөзін саңғырата,
Ақылды әлем ашады алдан,
Арман жолын даңғырата.

Қадыр, Қастек, Жарасқандар…
Ғарышқа ұзақ жол ашқандар,
Тілінен бал тамызғандар
Демейді еш толастаңдар.

Сіңіп бойға тактіменен,
Тамсантады тініменен.
Жұмсақ тілмен ноқталап ап,
Жаттатады-ақ тәтті өлең…

Ұнаса, бөлісе отырыңыз

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

2 × три =