Инаш мектебі ұжымына

Қараймын тұстасымның ұсқынына,
Нақ пәмдей алдым ба деп тұсты мына:
Нақ Сізше дайын ба деп ел-жұртпен бір,
Дәуірдің ызғарына, ыстығына.

Қараймын жас өреннің жалынына,
Сай ма деп самғау заман сарынына?
Бел буып қиып-қыспақ жолдан өтіп,
Мезгілдің төтей ме деп шалымына?

Қараймын мектебіңе атыңды алған,
Сау ма деп жекелікке сатылғаннан?
Жүр ме деп ұстаздары базар кетпей,
Қудырып әр шәкіртке батыл арман?

Қараймын жарыстарда озды ма деп?
Озуға дәлебесі қозды ма деп?
Қалыспай, қатарынан оқшауланбай,
Алысқа, асқарға қол созды ма деп?

Байлаймын сезім атын белдеуіне,
Разы қош ерік беріп демдеуіне.
Ісіңді, рухыңды жалғастырып,
Осы орда ап шығар деп өр дөңіне.

Ұнаса, бөлісе отырыңыз

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

три × 5 =