Отан — үйім, босағам, шаңырағым.
Ошағымнан әуресіз табыламын.
Ойнақтайды құлын, тай өрісімде,
Құлын,тайды — сырт кетсем — сағынамын.
Отан — діңгек, қазығым, қыл арқаным.
Байланбасам арқанға мұң артамын.
Қазығымнан айналып ұзай алмай,
Деңгейінен міне астым жол ортаның.
Отан — ұлтым, қазағым, халықтығым.
Халықтықты сақтасам, қалыптымын.
Ділім, салтым, мейірім, сөзде тұру —
Ұрпағыма өтейтін салық құным.
Отан — досым, достықты аялаймын.
Бақыт, байлық, береке — ынтымақта.
Достық бұзса кім де кім, аямаймын,
Татулықты ардақтап, саялаймын.
Әр перзентім — ақ пырақ, бәйге жылқы.
Жал-құйрығы сүзулі, қызу құлқы.
Шабандоз да, бапкер де сөреші — өзі,
Қасқалатса қазағын, — қолыңда ырқы.