Көп едік біздер онда

Көп едік біздер онда, көңілді едік,
Жайқалған жас құрақтай өңірлі едік.
Үй қамы, дүние қамы бас зеңітпей,
Күйбеңдік арбасына жегілмедік.

Кеш сайын шам жайнатып, өлең жаздық.
Кеңдерін кеніш ойдың белден қаздық.
Жарысып жырлар оқып, сырлар шертіп,
Ақтардық пәк сезімді қызға наз қып.

Дос тапса асыл түйір өнер ойлап,
Қуандық жүрек жара бірге тойлап.
Бола алдык өрісі ортақ, суаты ортақ,
Келеден бөлінбеген бота, тайлақ.

Бұл күнде шықты небір нар тұлғалар,
Ауыр жүк қанша артсаң да тартуға-бар.
Ай, жылдап хат жазысып тұрмаса да,
Жұтынған жырларымен тартымды олар.

Ұнаса, бөлісе отырыңыз

2 ответа к «Көп едік біздер онда»

  1. Бұл әкемнің жан достарын сағынғанда жазған өлеңі екен…

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

10 + 16 =