«От басы – алтын діңгек»

Тоқатаев атындағы орта  мектеп бастауыш апталығында  4 «а» сынып мұғалімі Зақыш Айдарованың «От басы – алтын діңгек» деген тақырыптағы тәрбие сағатындағы оқылған өлең- шашу:

От басы – жылы ұямыз,
Тірегі – ата-анамыз.
Уыз сүт еміп осында,
Уылжып біздер өсеміз.

Осында үлгі аламыз,
Осында адам боламыз.
Еркелеп, ойнап, еліктеп,
Осында ойнап толамыз.

Тәрбие мектеп- от басы,
Ақылды баулып, тіл ұштар.
Өрімдей тезге салынған,
Әдепті бейне дұрыстар.

Ата-ана болса өрнекті,
Ұл мен қыз өсер көрнекті.
Әуезов Мұхтар айтқандай,
Түзейік бесік жөргекті.

Естеу НҮСІПБЕКОВ, 2003 жыл

Ответить

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *