Батыр баба ескерткіші алдында

Райымбек батыр

Батыр баба ескерткіші алдында

(Райымбек батыр ескерткішін көргендегі толғаныс)

Асалаумағалайкүм, батыр баба.
Айбарымсың алысқа, жақынға да.
Қырық садақ атанған әулетіңнен
Таратылған құлақ сал ақынға да.

Қазағыңа алы алаш төл баласың,
Қастерлеткен дара ерсің ер жорасын.
Жәй бірі емес құдайдың көп құлының,
Ниеті ауған перзенті сен боласың.

Iле бойлай ерлік жел ызғындаттың,
Кектің шоғын лаулатып қызғын жақтың,
Екі жарым ғасырдан қарғып асып,
Көкмойнаққа Сарыжазда тізгін тарттың.

Сан ұрпаққа ұран боп аталатып,
Үміт інген боздатып, боталатып,
Өскен шақта жүрежет, құлажаттар,
Елге оралдың тіріліп, ат ойнатып.

Жерің аман, о баба, елің аман,
Сен қорғаған өзенің, көлің аман.
Көк тұлпарың тұяғы дүсірлеткен
Өркеш-өркеш жон, жота, белің аман.

Өсіп өнген ұрпағың, теңдік алған,
Өркениет ел болу – ендігі арман.
Есіңнің тер төгуде азаматы,
Ырғын тұрмыс болса деп ел қуанған.

Жақсы оралдың жақсы күн, жақсы таңда,
Тізгін тартып тоқтай қап жақсы маңға.
Төменгі албан төрінде Төте асуда,
Салт ат бейнең тау теуіп басты таңба.

Найзалы, атты, сауытты, ер-тұрманды
Таныиып тұр бейнең нақ ер тұлғаңды.
Көрген жанға ой салып, қой дейтіндей,
Қорқақ, ынжық, жасқаншақ кер туғанды…

© Естеу Нүсіпбеков

Сурет http://travel.drom.ru/15006/ сайтынан алынды.

Ұнаса, бөлісе отырыңыз

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

три + 8 =