Архивтен алынған суреттер туралы

Естеу, Қажығұмар, Жардем Тілеков т.б
Естеу, Қажығұмар Шабданұлы, Мақатан, Қаусылхан, Абылай Розы, Рахметолла Әбіш, Жәрдем Тілеков, Тиіпжан Әлиев, Тұрғын Алмас

«Суреттер сойлейді» тақырыбымен  Естеу Нүсіпбековтің архивінен алынған суреттерді жариялауды жөн көрдім. Білетін адамдардың есімдері көрсетіліп тұрады. Егер де танитын адамдарыңыз болса, хабарласыңыздар, есімдерін енгізіп қояйын.

Қажығұмар Шабданұлының «Қылмыс» 6 томдық кітабында Қажығұмардың 1954-1958 жылдары Үрімжі қаласында болған кездері суреттеледі. Мына төмендегі суреттерде Қажығұмардың сол бірге араласқан достары, соның ішінде менің әкем де бар.  Кітаптағы кейіпкерлердің қайсысы әкем екенін білмедім. Кітаптағы кейіпкерлердің  бәрі осы суреттегілер деп ойлаймын. 1954-1956 жылдардағы суреттері.

1-қатарда: Қажығұмар мен Рахметолла, 2-қатарда: Естеу мен ??
1-қатарда оңнан солға қарай: Естеу, Қажығұмар ...... қалғандарын білмедім
2-қатардың сол жағындағы Қажығұмар, 3-қатардың оң жағындағы Естеу

Мына төмендегі суреттерде әкемнің 1956 жылы наурызда Пекинде өткен Бүкілқытайлық жас жазушылардың бірінші съезіне қатысушылармен бірге түскен суреттері. Өз өмірбаянында:»… сол кезде  Шығыс-Солтүстік Қытайдың бес өлкесін араладым.Теңізде достарымызбен бірге қайықта болдық»,- деген сөзі есімде қалыпты.

сол жақтан 2-Қажығұмар, ең үстінде оң жақтағы - Естеу
Түрегеп тұрғандар: солжақтан 2-Естеу, 4-Қажығұмар, қалғандарын білмедім
Ұнаса, бөлісе отырыңыз

Один ответ к «Архивтен алынған суреттер туралы»

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

восемь + 6 =